Q-елі

    1. «Тоқтасын»
    ТМД елдерінде танымал болып кеткен «Стоп Хам» акциясына пародия . «ЗБ» яғни «Заң бұзушылыққа жол жоқ» қозғалысының жалғыз мүшесі әрі басшысы Тоқтасын қоғамда болып жатқан заң бұзушылыққа қарсы күресін жүргізеді. Бірақ ақырында ешқашан өзінің дегеніне жетпей таяқ жейді.
    2. «Тамада»
    Дұрыс той жүргізе алмайтын Қуатжан деген асаба мен оған той тауып беретін Бағдат есімді жігіттің күлкілі әрі қызықты оқиғалары. Әрбір тойдың быт-шытын шығаратын тамада, тойдың соңында Қайсардың түсінбей қалуымен, әрбір жүргізіп жатқан іс шараның иесінің ризалығын алып қайтады.
    3. «Әкесі мен қызы»
    Әрбір адамнан әкесі мен қызы арасындағы байланысты қандай деп сұрасаң, ең шынайы, ең жылы және ең махаббатқа толы деп айтады. Біздің персонаждар да сондай, қызы әкесіне оны және барлық қазақстандық балаларды қызықтырып жүрген сұрақтарын қояды. Ал әкесі кейбір сұрақтардан қашып, кішкентай қызға білуге болмайтын нәрселерді айналып өтуге тырысады.
    4. «Айсұлу»
    Әлемдегі ең танымал химия ол әрине – махаббат. Айсұлу мен Қылышбек арасындағы махаббат оқиғалар әрбір адамға таныс болуы керек. Күнде бір нәрсеге бола реңжіп қалатын Айсұлуға, күнде кешірім сұрауға шаршамай Қылышбек келіп отырады, бірақ әдеттегідей Айсұлу оны кешірмейді. Ақырынды өзінің кешірмегеніне өзі өкініп отырады.
    5. «Болашақтағы тарихтан емтихан»
    «Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі» демекші тарих адам өмрінде ерекше орын алады. Ал біздің оқиғада 2050 жылы қарапайым оқу орнындағы тарих пәнінен емтихан тапсырып жатқан студент пен одан емтихан қабылдап жатқан мұғалім жайлы айтылады. Қазіргі болып жатқан, айтылып жатқан тақырыптар болашақ ұрпағымыз үшін қалай көрінетіні осы рубрикада көрсетілетін болады.