Байланысшылар бағыты қандай? "Нысана" 26.04.15
Курсанттардың күнделікті әрі әдетке айналған ісі бұл. Дене шынықтыру институтта ең бірінші орында. Әскери дайындықты спортпен байланыстырған байланысшылар әрдайым кез-келген жағдайға әзір.
Жаттығу тек қана далада емес оқу орнының ішінде де жалғасады. Бұл радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты болғандықтан курсанттар байланыс құралдарын бес саусақтай меңгерген.
Өркен ДҮЙСЕНБЕКОВ, Байланыс кафедрасының оқытушысы:
- Бұл жерде біздің институтымыздағы 3,4,5 курс курсанттары радиобайланысты ұйымдастыруды үйренеді. Қазір көріп отырғандарыңыз жаңағы іс жүзіндегі байланысты ұйымдастыруға әр курсанттың өзінің орны бар сол байланысты ұйымдастырады.
Мамандық иелері болашақта зенитті ракеталық, авияциядағы радио техника және автоматтандырылған басқару жүйесі сияқты маңызды байланыс түрлерін қамтамасыз етеді.
Кәсіби офицерлер дайындау үшін институттың ішінде тәжіребиеден өтуге арналған арнайы алаң да бар. Сондықтан шынайы жағдайда курсанттар өз істерін мүлтіксіз орындай алады. Атасы мен әкесі де әскери болғандықтан осы мамандықты таңдаған Сәбит Ерденбеков ата жолын жалғауды мақсат етіпті.
Сәбит ЕРДЕНБЕКОВ, IV курс курсанты:
- Бұл институтта тек байланыс емес басқа да неше түрлі факультеттер бар. Соның ішінде өзімнің оқып жатқан мамандығым байланыс. Яғни мен ҚР Қарулы күштер арасында байланыс орнатамын.
Курсанттардың оқуға ынталары жоғары екені сезілді. Үйренуге, игеруге құштарлық бар бойларында. Инстиут қабырғасында дебат клубын да ұйымдастырған. Бес жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан клубтың тақырыптары да сан-алуан. Мәселен әскери ғана емес экономикалық, тарихи және мәдени мәселелерді де еркін талқылайы.
Тұрбұлан СМАҒҰЛОВ, IV курс курсанты:
- Әр командир өзінің ораторлық қасиетін жеке құрамның алдында сөйлеу қасиетін дамыту осы бағытта жұмыс істеп институттан болашақта осы мемлекетімізді көтеруге атсалысудамыз.
Демек күнделікті оқу мен жаттығудан бөлек болашақ офицерлерге өзге де қырынан танылып, жетілуіне жағдай жасалыпты. Бос уақыттарында газет-журналға назар аударып, сүйікті кітаптарын оқуға да болады. Демалыс бөлмесінде ән айтып отырған курсанттарды да байқап қалдық.
Сабақтан қол қалт еткенде киімдерін ретке келтіріп, өзара әңгімелесуге де уақыт табылады. Ең бастысы жат қылықтарға жол жоқ. Ата-ананың орнын бұл жерде білікті офицерлер алмастырған. Курсанттар жылына екі рет үйлеріне барып тұрады. Ал оқу уақыты бес жыл.
Мұрат СЕҢГЕРБЕКОВ, I курс курсанты:
- Мен осы радио электроника және әскери инженерлік институтына түскеніме өте қуаныштымын. Әскери адам болу менің бала кезден арманым. Ол арамынама мен Арыстан лицейіне түсу арқылы алғашқы қадамымды жасағанмын. Ең үлкен қадамымыды осы әскери инстиутқа түсі арқылы жасап отырмын деп ойлаймын.
Әскери болуды армандаған бала көп мұнда. Қазір институтта елдің әр түкпірінен келген мыңға жуық курсант білім алып жүр. Жылына екі жүз офицер дайындайды. Олардың жүз пайызы қызметпен қамтамасыз етіледі.
Қайрат САДЫҚОВ, Радиоэлектроника және байланыс әскери- инженерлік институтының басшысы:
- Он түрлі мамандықтар дайындаймыз. Көп профильдік инстиут деп саналады біздің институт. Біздің институт орталық азияда совет үкіметі құлағалы бері ТМД мемлекеттері ішінде осындай мамандық даярлайтын жалғыз инстиут саналады.
Сонымен қатар қазір Қырғызстандық курсанттар да осында білім алып жүр екен. Тәжікстан, Үндістан сияқты мемлекеттер де балаларын оқытуға қызығушылық білдіріпті.
Мирас МҰҚАШЕВ, тілші:
- Әскери білім алу, әскери қызмет әрине оңай шаруа емес. Бірақ әскер Отан сүйгіштікке, достықты қадірлеуге және бауырмалдыққа баулиды. Біздің осыған көзіміз жетті.
Анасын сағынатын бала Отанына да адал болады.
Мирас Мұқашев, Алмас Нұрдос, Сахиб Велиев
«Нысана»